Жаңалықтар

16 жасар жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

16 жастағы жасөспірімге өз анасын өлтірді деп айып тағылды.

Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде newsroom.kz порталы хабарлайды tengrinews.kz сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 18 қазан күні орын алған. Ауыл әкімдігі бұл отбасының  берекелі,  еш жерде тіркелмегенін мәлімдеді. Алайда, жас жігіт құмар ойынына әуес болған. 

БҚО полиция департаменті:

“Кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу  барысынан полиция басқа ақпаратты жарияламады”.