Жаңалықтар

Миының жартысын ісік шалған баланың өмірін аман алып қалды

Миының жартысын ісік алып кеткен бір жарым жасар баланың  өмірін  астаналық дәрігерлер сақтап қалды.

Миының жартысын ісік алып кеткен бір жарым жасар баланың  өмірін  астаналық дәрігерлер сақтап қалды. Бұл жөнінде newsroom.kz порталы хабарлайды informburo.kz сілтеме жасап. Ота Ұлттық нейрохирургия орталығында жасалды. Анасының айтуынша, сәби бір жасқа дейін толық өсіп, дамып, қатарластарынан қалыспаған.  Кейін аурудың алғашқы белгілері байқала бастаған.  Яғни, көз алмасы қозғалысының бұзылуы, мазасыздық деген сынды  т.б  белгілер. Баланың ата-анасы тексерілу үшін  №2 қалалық балалар ауруханасына барған. Нейрохирургтерге қаралып, МРТ тексеруден өтті.  Толық тексерістен кейін  7 см болатын ісік бар екені белгілі болды. Ол оң жақ жарты шардың темпоро-фронто-париетальды бөлігінде және оң жақ бүйірлік қарынша проекциясында локализацияланған.

Балалар нейрохирургиясы кафедрасының меңгерушісі Ғабит Өленбай: 

“Біз бас миының оң жақ қабырғалық-темпоро-маңдай бөлігіндегі кеңістікті алып жатқан зақымдануды микрохирургиялық жолмен алып тастадық. Операция кезінде барлық заманауи әдістер қолданылды.Қазіргі уақытта бала палатаға шығарылды. Жанында анасы бар”.