Жаңалықтар

Қайрат Әділгерей: құлшылық ол - интим

Қайрат Әділгерей “намазхандар” жайлы өз ойын білдірді.

Қазіргі уақытта қоғам талқысындағы өзекті тақырыптардың бірі - дін мәселесі. Діндарлықтың жалпы көрінісі туралы халықтың көзқарасы әртүрлі.  "Намаз оқыса да, оқымаса да Алланың алдында бір адам болып қаламыз”- деген сынды пікірлерді де жиі естіп жатамыз. Алайда, қазіргі қоғамда “намазхан” ұғымын асыра пайдаланушылар саны да  аз емес. 

Бұл жөнінде танымал әртіс әрі дубляж шебері Қайрат Әділгерей news.qaz парақшасына берген сұхбатында: 

“Намазхан болмаса көмектеспеу керек па? Сенің адамгершілігің қайда, қалғандарын алалау ма?”- соны түсінбеймін. Бізде намазға  қарап өлшейді адамның адамгершілік ниетін. 2 жыл бұрын бастаған шығар намазын, бізге оның  осыған дейін қандай болғаны, кімнің тәрбиесінде өскені, оның адамгершлік қасиеті беймәлім. Дұғада болайық деген сөзді түсінбеймін. Не әңгіме ол? Дін деген ол жеке басқа қатысты. Мысалы: Құдайдан сұрап отырған нәрсемді қалай айтамын. “Интимное” нәрсе ғой құлшылық деген. Әйеліңмен ара-қатынасың сияқты. Ол туралы бәріне айтып отырмайсың ғой” - деді.