Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жындардың қолынан тамақ жеген

НКВД-ның жендеттері келгенде қолына ешбір қару алмай,  саусақпен “аттым” деп көрсеткен адамдар мұрттай ұшып түскен.

Жындардың қолынан тамақ жеген
Abai.kz

“ Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін, жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын, мен өлген соң ас бермек түгілі бақа-шаян теріп кетесіңдер”, – деген сөзі ел арасында кең таралған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының киесі мен қасиеті қай заманда болмасын өзекті тақырып. 

Зиратын қырық жылдан соң қайта ашып көргенде сүйегі сол қалпы сақталған әулиенің біз білмейтін тағы қандай сырлары бар? Кеңестік идеологияның құрығына ілінген мұрасы бізге толық жетті ме?  Осы жөнінде тұңғыш ұлынан тараған ұрпағы, “Ақиқат”  кітабының авторы Абай Шарапиев  “Сұрауы бар” бағдарламасына келіп, сұхбат берген. НКВД-ның жендеттері келгенде қолына ешбір қару алмай,  саусақпен “аттым” деп көрсеткен адамдар мұрттай ұшып түскен. Жұрт “Мәшекең” - деп құрметтеген әулиені  күндеп, тірі кезінде оған қарсы шыққандардың кейін жағдайы не болды? 

Бір мысал: Лауазымды қызметке ұмтылған Жұмали қабірін бұзуға ұмытылғанда бүйрегіне шаншу қадалып,  40 күннен кейін еш мақсатына жетпестен көз жұмған. Осы сынды бірнеше оқиғаларды айтуға болады. Бұл жөнінде әулиенің шөбересі  Жалғас Зейнолламен болған эфирде баяндаған.

Баянауыл төңірегінде қожа-молдалармен арпалысуға ұмтылған қызметкерлердің  артынан денсаулығы сыр беріп, бәрі шеттерінен есінен алжасқан деседі. “Діншіл ақын” - деп айып таққандардың ғұмыры да ұзақ болмаған. Құранды қолына алып қару еткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қабірінде бір құмырсқаның ізі болмаған, жұпар  аңқиды екен. Осыдан-ақ әулиенің қасиеті бәрімізге белгілі.