Жаңалықтар

Міржақыптың денесін қазғанда шашы қап-қара болған

56 жылдан кейін Міржақыптың денесін қазып алған кезде шашы қап-қара болыпты

Еліне адал қызмет еткен ақын, қоғам қайраткері Мріжақып Дулатұлының басын патша үкіметі сұрапыл жылдары бәйгеге тігіп, қуғындаған еді. Ұлтының қамын жеген ақынның денесі әлемнің қай бұрышында қалғаны белгісіз болды. Жалғыз қызы Гүлнар апайдың тапсырысымен араға 56 жыл салып Алаштың арысының денесін Карелия жерінен зерттеушілер тапқан.

Зерттеушілер қатарында болған белгілі кинорежиссер-оператор Қалила Нематұлы Міржақыптың денесін қазып алғанда, қандай таңғажайыптың куәсі болғанын "Дәуір даналары" хабарында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

"Жағың ажырамай, жамандық көрме деген сөз бар қазақта. Мұны бұрын түсінбейтін едім. 56 жылдан кейін Міржақыпты қазып алған кезде, бас сүйегін көргенде таң қалдық. Шашы қап-қара, тіп-тік. Бас сүйекті алып, ақ киізге қойдық. Мен осылай жасайық деп айттым. Міржақыптың өзі киелі адам ғой. Бөлек, бөтен елде қаншама жыл өзгермей жатқан. Содан кіндік қаны тамған, туған жеріне әкеліп жерледік. Гүлнар қызы өте толқулы болды. Гүлнар - Міржақыптың жалғыз қызы, тектіден қалған ұрпақ..- деді Қалила Нематұлы.