Жаңалықтар

Кафе қызметкері кепілге қалдырған телефонмен 2,8 миллион теңге несие алған

Тараздағы дәмханалардың бірінде ұялы телефонын кепілге қалдырған азаматтың атынан 3 миллион теңгеге жуық несие алынған.

13 қазанда Тараз қаласының полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын арызданғанын хабарлайды newsroom.kz порталы informburo.kz  сілтеме жасап.  Ол белгісіз біреудің банктің мобильді қосымшасы арқылы оған 2,8 миллион теңге көлемінде несие беріп, кейін ақшаны букмекерлік кеңсе қосымшасының банктік шотына аударғанын мәлімдеді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған мекеменің 20 жастағы қызметкерін ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады.  Осы факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі 1-тармағы – «Аса ірі көлемде жасалған ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.