Қайрат Боранбаев тағы млдртарын берді
Мемлекет кірісіне кеңсе үй-жайлары, сауда-ойын-сауық кешені, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру желісі беріледі
Мемлекет кірісіне кеңсе үй-жайлары, сауда-ойын-сауық кешені, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру желісі беріледі деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған newsroom.kz.
Оның ішінде құны 33,75 млрд теңге болатын нысандар, атап айтқанда, Алматы қаласының «алтын алаңында» орналасқан «Алмалы» ОСС ғимараты, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС бар. «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан объектінің ауданы 11 мың шаршы метрден асады екен.
Сонымен қатар, мемлекет пайдасына «Fitnation» фитнес клубтарының желісі берілді. Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан.
Осы объектілердің барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, оңалту және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсаттарда пайдалану жоспарлануда.
Активтерді қайтару бойынша жұмысы жалғасуда екен.