Шоубиз

Қатты ұратын! Нико Нет әкесімен қарым-қатынасын айтты

Нико Нет отбасылық өмірімен бөлісті

Бұл туралы тиктокер «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

«Әкеммен араласпағаныма 4-5 жыл болды. Мен қазір оны бұрыңғыдай жамандамаймын. Оны да түсінуге болады. Біріншіден, ол еркек. Кішкентай кезден оны солай өсірген, тәрбиелеген. Қазір түсіністікпен қараймын. Ұрсып, қол көтеруден басқа тәрбие көрмегеніммен, мен оны түсінемін. Кішкентай кезімде әпкемді қатты ұрған жоқ. Сіңілімді мүлде ұрған жоқ. Ағамды қатты ұратын. Ал, мені ұрғанда, неге мені ұрады деп жылап қала беретінмін. Ол шын мәнінде кішкентай қызды ұрған екен. Оны кешіруге уақыт керек,- деді Нико Нет.

Ориентациясын алғаш білген әкесі екенін айтқан Нико Нет, сол кезеңдерді есіне түсіргісі келмейтін көрінеді.

Әкем ең бірінші болып менің ориентациямды 7 жыл бұрын білген. Шапалақты жеп кеттім ғой білген кезде. Әлі күнге дейін ол оқиғаны есіме түсіргенде тітіркенемін. Қатты таяқ жедім, басымды тәрелкемен ұрған»,- деді блогер.