Жаңалықтар

Қазақстанда 18 қазанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәлімдеуінше еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады. Болжам бойынша республиканың тек солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстігінде жаңбыр жауады.

Астанада  көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С.