Жаңалықтар

Ішіне доп тиіп, көз жұмды

Петропавлда жаттығу кезінде ішіне доп тиген жігіт көз жұмды.

15 жастағы Петропавл тұрғыны жаттығу кезінде ішіне доп тиіп, көз жұмды. Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды aikyn.kz сілтеме жасап.  Эпигастрия аймағына (ішінің жоғарғы бөлігіне) доп тигенде, жерге құлап, басын жарақаттаған. Келеңсіз жағдай 16 қазан күні кешкі жетілер шамасында болған. Дәрігерлер "анықталмаған жүрек тоқтауы, анықталмаған кома және жабық бас-ми жарақаты" деген диагноз қойды. Жігіт 20:10-да көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде қайтыс болды.