Жаңалықтар

Кризис! Қазақтар құдалыққа тікұшақпен келе бастады

Ол жерде қазақы салт бойынша шашу шашылды, бірақ тәттінің орнына АҚШ доллары төбеден ұшып, жұртты қарық қылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы bugin.kz - ке сілтеме жасап.

Құдалыққа тікұшақпен келген құдаларын доллар шашып күтіп алған. Видеода кейбір адамдардың ақшаны жинап жатқаны көрінеді. Бейнежазбаны көрген оқырмандар түрлі пікір білдірген. Көбісі "ысырап", "мақтаншақтық" десе, енді бірі "жастар бақытты болсын, шаңырақтары биік болсын" деп жазды. Айта кетейік, оқиға Алматы облысының Талғар ауданында болған.

Бұл жағдай туралы облыстық полиция депаратаменті қазір жеке әуе компаниялардың көп екенін, видеода ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін айтты.