Аз емес пе? Еңбек сіңірген ұстаздар 3,5 млн теңгеден алды
Еліміздің 17 педагогі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес Министрліктің бұйрығымен марапатталған педагогтерге 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы жылдың 5 қазанында өткен педагогтердің бірінші республикалық съезінде ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын. Оған 700-ге жуық білім беру қызметкерлері қатысты.