"Енесі қол көтерсе де, келін үндемеу керек"
Әмірбек Шәкіштің анасы келін қандай болуы керектігін айтты
"Келіннің аты - келін". Бұл блогер Әмірбек Шәкіштің анасы Сәуле Нұрғазиеваның ойы.
Бұл туралы ол "Айнаline" хабарына берген сұхбатында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
"Не болса да, келін қоя салу керек. Мейлі ене не айтсын. Тіпті, құдай сақтасын, қолын көтерсе де, келін қоя салу керек. Себебі, ол кіші. Келіннің аты - келін,- деді Сәуле Нұрғазиева.
Айта кетейік, бағдарлама барысында Сәуле Нұрғазиева келінін 18 жасында түсіргенін айтты.