Шоубиз

Той бизнес! "Қыз ұзатуға 1,5 млн теңге аламын"

Белгілі әнші Айдар Тұрғамбек той-домалақта өнер көрсеткеніне қанша ақша алатынын айтты

"Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Тұрғанбек "Жетінші арнаға" берген сұхбатында гонорарының қанша екенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

`Қыз ұзатуға 1,5 млн аламыз. Өйткені біз басынан аяғына дейін боламыз. Сағат 7- де басталса, 7-ден 12-ге дейін боламыз. Қай қалада болса да. Сүндет той болатын болса 1,3 млн аламыз. Себебі, онда жартысына дейін боламыз. "Жігіттер" тобының гонорары - 2 млн. Продюсер барлығына 20 пайыздан бөліп береді.

Продюсерден бөлек, админстраторлар ұйымдастырып береді дегенәнші қай қалаларда тапсырыс көп болатынын айтты.

"Алматы мен Шымкентте екі ұйымдастырушым бар. Шымкентке көп баратын болғасын, шығын болмасын деп сол жерден ұйымдастырушы алдым. Жеке тойларды ұйымдастырушыларым келіседі. Ал, "Жігіттердің" тойын Ерғали Әбдірайымов продюсеріміз келіседі.