Жаңалықтар

17 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің хабарлауынша  елдің басым бөлігінде ауа райы енді ашық болады. Қазақстанның батыс облыстарында жаңбыр жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Астанада – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жеңіл тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстіктен 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +15+17°С.

Алматыда көшпелі бұлт. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С.