Түркияға жаяу барған қазақ жиһанкезі
73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев Түркияның Ыстамбұл қаласына жаяу жеткен.
73 жастағы қазақ жиһанкезі Сәрсенбай Қотырашев жаяу Түркияның Ыстамбұл қаласына барғанын хабарлайды newsroom.kz порталы qazaqstan.tv сілтеме жасап. Ол күніне орта есеппен 40км артқа тастап, Ресей мен Грузия мемлкеттерінен өтіп, тура 2 ай 10күнде жеткен. Ақсақалды Қазақ мәдениет және сауда орталығының қызметкерлері, Түркияда тұратын қазақтар Ыстамбұл қаласының кіреберісінде күтіп алды.
Сәрсенбай Қотырашев, саяхатшы:
“Басты мақсатым – бүкіл дүниежүзін бейбітшілікке шақыру. Екіншіден, саяхат жасқа қарамайды, ешқашан кеш емес. Барлығымыз Түркі ұрпағынан тарағанбыз арғы атамыз сақ ғұн. Түркі ұрпағынан тараған ел көп. Ата бабамыздың, қандастарымыздың еліне келгеніме қуаныштымын”.