Кәсіпкерлердің 5миллион теңгесін алып, тайып тұрған
Алаяқ әйел кәсіпкерлерге субсидия алуға көмектесемін деп, 5миллион теңгесін алып, қашып кеткен.
Кәсіпкерлерге субсидия алуға көмектесетінін айтып, 5миллионмен хабар-ошарсыз кеткен әйелдің ұсталғанын хабарлайды newsroom.kz порталы inbusines.kz.сілтеме жасап. Жетісай аудандық полиция бөліміне күдіктінің үстінен 3 арыз түскен. ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Белгілі болғандай алаяқ әйелдің субсидия алу мүлде ойында болмаған, жиналған ақшамен несиесін жапқан.
Полиция департаменті:
"Ол әрбір жәбірленушіден қомақты ақша алған, бірақ уәдесін орындамай, хабар-ошарсыз кеткен".