Қарағандыда жол апатынан екі адам қаза болды
Қарағанды-Молодежный тас жолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata және Neoplan автобусының қатысуымен жол көлік оқиғасы болды
15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тас жолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata көлігімен Neoplan автобусы қақтығысып қалды,- деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, -деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.
Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.