Жапониядан туристер келеді! Өзбектер сумоны тіркеді
Өзбекстанда сумо Федерациясы тіркелді
12 қазан күні Өзбекстанда ресми түрде Сумо федерациясы құрылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы uznews.uz - ге сілтеме жасап.
Федерация қызметінің негізгі мақсаты - Өзбекстанда сумо спортын дамыту және насихаттау, сумо спортшыларына, әсіресе жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, түрлі спорттық іс-шаралар өткізу. Сондай-ақ, халықаралық спорттық байланыстарды кеңейту және Федерация мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру әрі қорғау.
Камол Усмонов Федерация төрағасы болып сайланды. Ал, Өзбекстандағы алғашқы сумо спортшысы болып Дурдона Абдужаббарова танылды.
Еске салайық, бұл спорт Жапонияда пайда болды және сол елдің ұлттық спорт түрі. Сондықтан ережелерді жапондық сумо қауымдастығы белгілейді.