Жаңалықтар

Жол апатынан тоғыз адам зардап шекті

Жетісу өңірінде болған оқыс оқиғадан тоғыз адам зардап шекті.

Жетісу облысының Көксу ауданында Ауди-100 мен ГАЗ жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан тоғыз адам зардап шеккенін баяндайды newsroom.kz порталы tengrinews.kz  сілтеме жасап.  Оның төртеуі балалар. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қазан күні Еңбекші қазақ ауылы,  Балпық би – Мәмбет тас жолында болған.

"Жол-көлік оқиғасынан кейін тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі - екі көліктің де жүргізушісі. Медициналық тексеруден кейін олар амбулаторлық емделуге жіберілді. Қалған 7 адам бақылауда.  2011, 2018, 2019, 2021 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірім бар», - деп баяндады  Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.