“Ирина Кайратовна” тобының мобилографы концертте қайтыс болды

21 жасар мобилограф “Ирина Кайратовна” тобының концертінде көз жұмды.

Қайғылы оқиға танымал қазақстандық «Ирина  Кайратовна» тобының Астанадағы концерті басталардан бірнеше секунд бұрын болғанын хабарлайды newsroom.kz порталы orda.kz сілтеме жасап. Бұл туралы әртістер сахнада жанкүйерлеріне хабарлады.

"Жалпы біз үшін бұл туралы айту өте қиын.  Өздеріңіз көргендей мобилографымыз сахнада құлап, сол жерде қайтыс болды. Сондықтан, өкінішке қарай, бүгінгі концертті тоқтатамыз.  Келгендіріңіз үшін рақмет.  Біз сіздерді жақсы көреміз», - деді «ИК» тобының мүшесі Азамат Маркленов.

Әлеуметтік желілерде топ мүшелерінің видеолары белсенді түрде таралуда. Қайғыла оқиғаға байланысты  Іс-шара тоқтатылды. Әртістер билеттерді жанкүйерлеріне қайтаруға уәде берді. Келесі концертті күтемін деушілерге әлеуметтік желідегі ресми ақпаратты бақылап отыруды сұрады. 

Жүктелуде...