Жаңалықтар

Newsroom.kz порталы “Оян қазақ” фильміне билет ойнатты

Жақында ғана қалың бұқара назарына ұсынылған “Оян қазақ” фильмі көрерменнің ыстық ықыласы мен құрмет-қошеметіне бөленіп үлгерді. 

Алаш қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының үлгі-өнегеге толы өмір кезеңін қамтыған тарихи туындыны тамашалағысы келген көрермен де таусылар емес. Шығарылымы тағы бір аптаға созылған фильм билеттері еліміздің барлық қаласында түгелдей сатылып кетуде. 

Отандық өнімді қолдап, Алаш арыстарының адамдық бейнесін, азаматтық ұстанымын, ұлт болашағы жолындағы идеясын халық санасына сіңірту үшін newsroom.kz оқырмандарының арасынан “Оян қазақ” фильміне 2 билет ойнатты.

Инстаграм әлеуметтік желісінде өткізген конкурсқа 10-ның үстінде адам қатысып, 4- і ұтысқа ие болды. 2 адамға фильмге билет, және одан бөлек кітап дүкеніне 2 адамға сертификат берілді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан оқырмандар арасынан Алматылық Ерболатова Гаухар мен Атыраулық Толғанай Жұманың бақтары шауып, фильмге билет ұтып алды. Ал, кітап дүкеніне Қарағандылық Жұлдыз Маратқызы мен Алматылық Аида Садуақасова сертификат иеленді.

“Әрбір қазақтың рухын оятатын, “Оян қазақ” фильміне осындай керемет мүмкіндік жасап, әдемі, сапалы сыйлық ұйымдастырған newsroom.kz порталына үлкен рақмет. Көптен барғым келіп жүрген еді. Алдағы уақытта да осындай жақсы дүниелердің жаршысы болып жүре беріңіздер. Толағай табыстар тілеймін”- деп Толғанай Жұма алғысын білдірді.

Алматылық жеңімпаз Гаухар Ерболатова да мүмкіндік сыйлаған сайт әкімшілігіне ризашылығын айтып, әсерімен бөлісті.

“Ұтыс ойыны өте әділ болды. Осы ойынды ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Фильм өте әсерлі болды, ұлттың қаймақтары үшін іштей күйініп, терапия алдым. Мүмкіндік сыйлағандарыңызға көп рақмет” - деді Гаухар Ерболатова.

Newsroom.kz порталы алдағы уақытта да, түрлі ұтыстар ойнатып, оқырман үшін сапалы контент жасауға тырысады.