Дулат Исабеков: Абай өлеңдері — жүрекке үлкен ұя салғандай болды

26 Ақпан, 2020 70 0

Бүгін Алматыда Абай Құнанбаевтың ұлы поэзиясы мен музыкасының эссе кеші өтті. Шара Абайдың 175 жылдығын мерекелеу құрметіне ұйымдастырылды.

«Бүгінгідей кеште мен бірінші рет отырмын. Өйткені, бұндай бір рухани ләззат алу, сахнаға сүйсініп қарап отыру, ондағы декорация және әншілеріміз, Абай өлеңдері – жүрекке үлкен ұя салғандай болды. Осындай концерттер, осындай бас қосар уақыт қашан болады екен деп жүр едім. Айқай шудан құлағымыз әлі шаңғырып тұр. Бұл терең ойға жетелейтін, ойланбаған адам жоқ. Абай ой мұхитына шомылып шыққандай болдым», — деді көрермендердің бірі Дулат Исабеков.

Айта кету керек, кеш барысында көрермендердің өздері, ересектер мен балалар да ұлы ақынның өлеңдерін оқуға белсенді қатысты.

«Өте ғажайып. Абайдың бүкіл жүрегін ел-халқына жеткізген үлкен кеш болды. Бұл бір ғажайып кеш болды. Адамның жүрегін тебірентерлік, толғандырарлық кеш болды», — деп шараға қатысушы қонақ өз пікірімен бөлісті.

Тегтер: Абай, 175жыл, Алматы, кеш, поэзия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.