Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігі 100 мың теңге тұрғаны ма?

Көкшетауда заңсыз жүргізуші куәлігін сатып келген

Көкшетауда полицейлер жүргізуші куәлігін заңсыз бергендерді құрықтады,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Көкшетау қалалық ХҚКО қызметкерлерінің 100 мың теңге ақшалай сыйақыға жүргізуші куәлігін заңсыз бергенін анықтаған көрінеді.

Қыркүйек айында полицейлер Назарбаев даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында делдал ақша аударып жатқан күдіктіні ұстады. Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан 440 мың теңге тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.