Жаңалықтар

Университет атауынан "Елбасы" сөзі алынып тасталды

 

Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров қазақстандық  университеттің атынан «Елбасы» сөзі алынып тасталатынын айтты. Сенат отырысында депутат бұл жоспар  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңға енгізілген өзгерістерге байланысты екенін мәлімдеді.

Бұл - Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заң нормаларын сақтау болып табылады. Заң «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне» қатысты.

Сенаторлар университет атауындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы» деген сөздерді «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен алмастыруды ұсынды», – деді депутат Орынбасаров.