Бауыржан Байбектің әйелі қызметінен босады
Жанар Байбек өз еркімен қызметтен кетті.
Жанар Байбек елордалық соттың судьясы қызметінен кетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz. сайтына сілтеме жасай отырып.
6 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы"Жарлыққа қол қойды.
Құжатта қызметтен босатылған 35 судьяның тізімі берілген. Олардың қатарында елордалық соттың судьясы болып жұмыс істеген Жанар Байбек бар. Жарлықта оның өз еркімен қызметінен босатылғаны атап өтіледі.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді. Ашық дереккөздерде Жанар Байбектің бұрынғы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің жұбайы екендігі көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында Жанар Байбектің Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалғаны хабарланған болатын.