Жаңалықтар

Жапония қалды: цифрлық сервистен АҚШ-тан озыппыз

Цифрлық сервис жағынан Қазақстан алда екенін мәлімдеді венчурлық инвестор Тим Дрейпер.

Ең ірі халықаралық венчурлық инвестор Тим Дрейпер Астанада өткен Digital Bridge форумының ашылуында Қазақстанның цифрлық қызметтерді дамыту бойынша АҚШ-ты басып озғанын айтты.
«Цифрлық менеджмент» саласының дамуына  Қазақстанға әлемнің түрлі елдері  жаңа көзқарас қалыптастырған жеткізді. 

«Бәрін онлайн режимде жасауға болады: тұраққа ақы төлеу және дауыс беру. Осыдан 6 жыл бұрын Қазақстанға алғаш келгенімде, мұндай заттардың көбі Қазақстанда енгізіледі деп естігем».
                                                                                Тим Дрейпер

"Егер мен дұрыс айтсам, Қазақстанда ешкім қолма-қол ақшаны пайдаланбайды: Бұл даму бағытында үлкен жетістік. Сіз осы бойынша АҚШ-тан әлдеқайда озып кеттіңіз. АҚШ-та Starbucks-ке барып, кофенің ақысын төлеу үшін тиын алатын адамды көруге болады. Мұндай даму жүйесі қоғамға үлкен әсер етеді ».
                                                                                     Тим Дрейпер