12 қазанда Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады
Республиканың барлық аумағында екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.
Бұл туралы newsroom.kz порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.
Республиканың барлық аумағында екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +8+10°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.