Алматы облысында жер сілкінді
Алматыдан 249 км қашықтықтағы жерде жер сілкінісі тіркелді
Бұл туралы newsroom.kz парақшасы хабарлайды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 11 қазан күні Астана уақытымен сағат 11:27-де Алматы облысында жер сілкінісі тіркелгенін жеткізді.
"Эпицентр Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 249 километр жерде орын алған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,0, магнитудасы - MPV - 4,3" ,- делінген хабарламада.