Жұрттың баласы! 25 жастағы еврей қыз өз ауылын ХАМАС-тан қорғап қалған
Газамен шектесетін Киббутц Нир-Ам аймағын 25 жастағы Инбаль Рабин-Либерман есімді қыз жаудан қорғап қалды.
Израильдегі соғысқа бүгінгі бесінші күн. Әлем көз тігіп, ақпарат агенттіктері жарыса жазып жатқан Таяу Шығыстағы қақтығыс жаңа қаһармандарды дүниеге әкелуде. Бұл туралы detaly.co.il сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.
Газа секторына ең жақын орналасқан Нир-Ам кибуцы (біздіңше коммуна немесе ауыл) әскерінің басшысы 25 жастағы Инбаль Рабин-Либерман бүкіл ауылын қорғап қалған. Өткен жылдың желтоқсан айында әскери қауіпсіздік бойынша координатор болған ол осы жолғы қақтығыс кезінде таңғы жетіде оянып, оқиғаны дереу бағамдап, әскер жинап үлгерген. Ауылға шабуылдаған 25 адамды түгел өлтірген оның бұл әрекетін қазір бүкіл әлемдік БАҚ жарыса жазуда.
Осы уақытқа дейін кибуцтың әскери координаторы қызметін оның көкесі Ами Рабин атқарған екен. Инбаль Рабин-Либерман осы қызметке тағайындалғанда оны өлке басшысы Офир Либштейннің өзі жеке құттықтаған. Алайда осы жылдың жетінші қазан күні оның өзі осы соғыста қайтыс болды.