Жаңалықтар

Сүндет тойда жылқыға қатігездік көрсеткен ер адам жауапқа тартылды

Шымкентте ер адам көзі орамалмен байланған атты баспалдақпен түсірмек болған.

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бірнеше ер адам орамалмен көзі байланған атты баспалдақтан төмен түсірмек болған бейнежазбаны анықтады, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Polisia.kz- ке сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде бұл жайт 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде өткен "сүндет той" кезінде орын алғаны анықталды.

Жылқының иесіне қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 407-1 бабы "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік, осыған дейін жылқыны қорлаған ер азаматтың видеосы әлеуметтік желілерде таралып, көпшіліктің наразылығын тудырған еді.