Жаңалықтар

Израильден эвакуацияланған қазақстандықтар елге оралды

Израильдегі соғыс жағдайының өршуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге жеткізілді

Бұл туралы newsroom.kz порталы kaz.inform.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматының халықаралық әуежайына Қазақстан азаматтары мінген «Air Astana» әуе компаниясының ұшағы келіп қонды.
Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы болды. Оның 124 – і ҚР азаматы, қалғаны — шетелдіктер.

Сондай-ақ, елге оралғандардың 14-і «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан стипендиат. Отандастарымызды туған-туыстары, жақындары, достары және БАҚ өкілдері қарсы алды.