Жаңалықтар

Израильдегі қазақстандықтарды алып қайтатын ұшақ Тель Авивке бағыт алды

Израильдегі Тель Авивтен қазақстандықтарды алып қайтатын Air Astana ұшағы Астана уақытымен бүгін таңғы 08.00 уақытында Алматыдан ұшып кетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы компанияға сілтеме жасап. 

Ел азаматтарын мінгізіп, кері қайтатын рейс біздің уақытпен бүгін түнгі 23.45 шамасында Алматыға қонады. 
Еске сала кетейік, бұған дейін Израильде қалып кеткен қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары басталғанын хабарлаған едік.