Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" алдағы үш күндік ауа райы болжамын жариялады
Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жауып, жел күшейеді.
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Батыста ауа температурасы түнде 5-7 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 5-18 градус аралығында болады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта да түнде ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді, күндіз 5-13 градус аралығында.