Жаңалықтар

Қазақстандағы ең бай адам кім?

Kaspi bank-тің негізін қалаушы Вячеслав Ким Қазақстандағы ең бай адам атағына ие болды

Бұл туралы newsroom.kz порталы qonaev.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев енді Қазақстандағы ең бай адам емес. Forbes журналының жаңартылған тізімінде көшті Kaspi банктің негізін қалаушы Вячеслав Ким бастап тұр.

Айта кету керек, бұл рейтингтің көшін 13 жыл бойы Тимур Құлыбаев пен кәсіпкер Болат Өтемұратов кезегімен бастап келген болатын. 13 жыл бұрын Вячеслав Ким 15-орында болған.

Сонымен қатар, Қазақстанның ең дәулетті 50 адамының тізіміне жаңа алты есім қосылды. Олар – YPO Kazakhstan-ның жаңа төрағасы Қанат Көпбаев, танымал кәсіпкер Рашит Сәрсеновтың ұлы Эльдар Сәрсенов, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров, Тимур Құлыбаевтың серіктесі Раушан Сағдиева, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Қарағойшиннің ұлы Рустам Қарағойшин, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, кәсіпкер Алиас Чукин.