Жаңалықтар

Мұнай бағасы күрт өсті

Саудада стандартты сұрыптағы мұнайдың әлемдік бағасы көтеріліп жатыр

Бұл туралы newsroom.kz порталы tengrinews.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен 09:16-дағы сауда деректері бойынша 3,76 пайызға өсіп, барреліне 87,76 доллар болған.

Қарашада жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 3,99 пайызға өсіп, барреліне 86,10 доллар болған.

Айта кетейік, 5 қазанда Brent мұнайының бағасы барреліне 85 доллардан төмен түсті.