Түркістан облысында діни ахуал тұрақты
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен Республикаға танымал ғұламалардың қатысуымен облыс аудандарында кездесулер өтуде.
Бұл туралы дін басқармасының ресми сайтына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.
Аталмыш жоба аясында, Мақтаарал ауданында «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов бірнеше кездесулер өткізді. Аталған кездесулерге Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Жандос Әсілбек, «Дін мәселелер зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов қатысқан. Кездесуді Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова және Ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева жүргізген.
Аталған шарада жалпы қоғам арасындағы түрлі деструктивті діни ағымдардың идеологиясының таралуының алдын алуға, сондай-ақ қазіргі таңдағы ынтымақтастық пен татулықта діннің алар орны ерекше екендігі түсіндірілген. Алдағы уақытта осы бағыттағы жобалар облысымыздың басқада қала, аудандарында өз жалғасын табады екен.
Айта кететін жайт, бүгінде Түркістан облысындағы мешіттер саны 800-ден астам көрінеді. Шымкент қаласында қырықтан астам мешіт жұмыс істеп тұр.