Мазақ қылғаны ма? Қарағандыда мүгедектерге 2 қабатта концерт жасаған
Қарағанды облысында мүгедек жандар күніне орай концерт ұйымдастырылды
Мәдениет үйінің 2-ші қабатында болған концерт кеш қонақтарының біріне қолайсыздық тудырған,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Концертте арбаға танылған мүмкіндігі шектеулі тұрғынды пандус жоқтығының кесірінен баспалдақпен түсірген. Жүріп-тұрулары қиынға соғатын жандарға неліктен екінші қабатта мерекелік шара ұйымдастырғаны да белгісіз.
"Көрермендерге концерт ұнаған көрінеді. Бірақ, екінші қабатта шара жасарда қай жерімен ойланды екен?",- деп жазуда желі қолданушылары.
Қарағанды облысының әкімі туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
"Концерт болған күні мәдениет үйінде белсенді тұрғындарды марапаттау рәсімі болған еді. Өз күштерімен екінші қабатқа көтеріле алмаған жандарға көмек көрсетілді. Ал,1960 жылы салынған ғимаратта пандус салынбаған.", - деді әкім.