Жаңалықтар

СІМ Израильдегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Израильдегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Бұл туралы newsroom.kz порталы newsroom.kz tengrinews.kz парақшасына сілтеме жасап.


"Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді.

Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз.

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалып жатыр", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.