Жаңалықтар

Португалия аруы атағын экс-еркек жеңіп алды

Португалияның “ең сұлу бикеші” атағын трансгендер жеңіп алды

Бұл туралы newsroom.kz парақшасы orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Хирургиялық жолмен әйелге айналған 28 жастағы стюардесса Марина Мачете “Мисс Португалия” атағын жеңіп алды. 

Le figaro басылымының мәліметінше, бұл Португалия тарихындағы алғашқы жағдай.

 Еске сала кетейік, бұған дейін Нидерландыда да дәл осындай оқиға орын алған еді. 22 жастағы Рикки Колле “мисс Нидерланды” титулын жеңіп алған алғашқы трансгендер-әйел атанған. 

Енді екі сұлу Сальвадорда өтетін “Әлем аруы” байқауында бақ сынайтын болмақ.