Қазақстан Азиада ойындарын күміс жүлдемен аяқтады
Азиада-2023 ойындары аяқталды
Бұл туралы newsroom.kz Қазақстан Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Азиаданың соңғы жүлдесін еншілеген Мөлдір Жаңбырбай Тайпей спортшысы Шиау Шуанг Гумен каратэден 50 келі салмақпен қарсыласып, 5:5 есебімен тең түсті. Дегенмен, соңғы нәтижелі әдісті қарсылас жасағандықтан, жеңіс Тайпейге бұйырды.
Осымен Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы есепте 80 медаль еншіледі. Қазақстан спортшылары Азия ойындарында 10 алтын, 22 күміс пен 48 қола медаль алды.
Жалпы командалық есепте еліміз үздік ондықтың қатарына кіре алмады. Яғни, Қазақстан құрамасы 11 орынға тұрақтады. Азия ойындарында 201 алтын, 111 күміс, 71 қола алған Қытай командалық есепте бірінші орынға жайғасты. Екінші орында Жапония. Үшінші орында Оңтүстік Корея, Үндістан төртінші орында. Ал Өзбекстан құрамасы бесінші орынға тұрақтады.