Жаңалықтар

СҚО кәсіпкер картопты халыққа тегін таратты

Министрлер кабинеті әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын қалай тұрақтандыру керектігін шешіп жатқанда, Солтүстік Қазақстан облысының жеке кәсіпкері халық арасында тегін картоп тарату бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды newsroom.kzАстана телеарнасына сілтеме жасап.

Петропавлдықтардың арасында тегін картоп алғысы келетіндердің саны көп болды. Олар шелектермен, сөмкелермен және тіпті тіркемелермен облыс орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан Рассвет ауылына қарай ағылды.

- Бізде көкөніс бақшасы бар. Биылғы жылы ауа-райы жаман емес сияқты болды, бірақ көп өнім жинай алмадық. Міне, немерелерімен, қызыммен бірге бізде картоп алуға келдік, үйде бекер отырмай-ық деп. Үлкен рахмет, біз өте қуаныштымыз, - деді ауыл тұрғыны Гульнар Уатаева.

Жергілікті кәсіпкер Николай Росляков картоп таратылымы туралы, жар салуды ойлаған да жоқпын дейді. Ол 13 жылдан бері картоп өсірумен айналысып келеді. Фермер бірінші болып шаруа қожалығының қызметкерлеріне тегін өнім жинауды ұсынғанын айтты. Содан кейін барып басқа барлық жерлестерге.