ҰҚК қару мен есірткі сақтаған күдікті топты ұстады
Заңсыз топтың 72 мүшесі ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5 қазанда Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарына жүргізген арнайы операциясында заңсыз заттарды сақтаған топтың жолын кесті,- деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі ҰҚК-не сілтеме жасап.
Қару мен есірткіні заңсыз сақтап, көші-қон арналарын заңсыз ұйымдастырып, және өзге де ауыр қылмыстар жасаған топтың 72 мүшесіне қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Тінту барысында атыс қаруы оқ дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.