Жаңалықтар

14 адам балық жегеннен паразиттерді жұқтырған

Описторхоз инфекциясын жұқтыру Ақмола облсында орын алуда.

Ақмола облысы бойынша өңірлік санитарлық қызметтің ақпараты бойынша, описторхозды жұқтырудың 14 жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында үш жағдай тіркелгенің, хабарлайды newsroom.kz порталы sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Порталдың ақпараты бойынша, Астрахан ауданында - 7 жағдай, Степногорск ауданында - 3, Бурабай ауданында - 2, Атбасар және Целиноград аудандарында - бір жағдай бойынша жұқтыру тіркелген.

Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде жағдайлардың 50 пайызында стихиялық сауда орындарында сатып алынған балықты тұтыну факторы болғандығы анықталды, екі адам өз аулауындағы және тұздалған балықты жегеннен жұқтырды, бір адам қақталған балықты жегеннен паразиттерді жұқтырып алды, тағы төрт адамның инфекциясының нақты себебі анықталмады.

Описторхоз инфекциясы шикі, тұзы аз, кептірілген немесе термиялық өңделмеген өзен балықтарын және балық тұқымдастарын жеген кезде пайда болады.