Жаңалықтар

Сүйінші! Велошабандоз Евгений Федоров алтын медальді еншіледі

Бұл туралы newsroom.kz порталы ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тас жолдағы веложарыстың топтық сайысында ұлттық құрама спортшылары Евгений Федоров алтын, Алексей Луценко күміс медаль жеңіп алды.

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Федоровты кезекті жеңісімен құттықтады.

"Бүгін еліміздің велоспорты үшін айтулы күн. Велошабандоздарымыз жоғары деңгей көрсетті. Евгенийді Азиаданың алтын медалімен құттықтаймын",- деп атап өтті министр.