Бұрынғы шәкірт ұстазына пәтер сыйлады!
Өзбекстандағы Самарқандтан мұғалімі, келген Мұғалімдер мен тәлімгерлер күніне орай сыйлық ретінде шәкіртінен пәтер алды.
Самарқандтың № 1 жалпы білім беретін мектебінің ана тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Умида Муминова, мұғалімдер мен тәлімгерлер күніне орай оқушысынан ерекше сыйлық алды, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Podrobno.uz сілтеме жасап.
Сыйға берілген жаңа ғимараттағы екі бөлмелі пәтер қажетті жиһазбен және техникамен толық жабдықталған.
Бүгінде ұстаздың бұрынғы шәкірті жылжымайтын мүлік сатумен және үй салумен айналысады екен. Сонымен қатар, оның жоспарында мұғалімдерге жеңілдік шарттарымен үй салу бағдарламарын құру бар.
"Осы ұстазымның арқасында мен қазір көп жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. Мен барлық мұғалімдерге алғысымды білдіргім келеді, олар үлкен құрметке лайық", − деп айтты бұрынғы шәкірті.