“Ulytau” этно-рок-тобына 25 жыл!
Әйгілі «Ulytau» этно-рок-тобы өзінің 25 жылдығына орай Астанада үлкен концерт өткізеді
Бұл туралы newsroom.kz тілшісі , елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды
Қыдырәлі Болмановтың продюсерлігімен 24 қазан күні кешкі сағат 20.00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында «Ulytau» тобының 25 жылдығына орай үлкен концерт өткізілу жоспарланып отыр.
Қазақ музыка өнеріне елеулі үлес қосқан топпен бірге сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары – Қарақат Әбілдина, Майра Мұхаммедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay өнер көрсететін болады.
Айта кетейік, «Ұлытау» - батыс және шығыс мәдениеттерінің бірігуі әрі әлемде осы аспаптық жоба сияқты өзше баламалары жоқ топ.
Концертте скрипканың жұмсақ дыбысын қазақ домбырасының таңғаларлық мотивтерімен үйлестіретін Ұлытау музыканттары, қазақтың әйгілі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрқисса Тілендиев секілді күйшілердің және әлемдік Бах, Вивальди, Паганинидің туындыларын орындайтын болады. Қазақтың ұлттық әндеріне де көңіл бөліп, тыңдарманын сүйсіндірмек.
Айиа кетейік, “Ұлытау” тобы Қыдырәлі Болмановтың жетекшілігімен небәрі бес-алты жылда үлкен нәтижелерге қол жеткізген. 2001 жылы Голливудта өткен бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында бас жүлдені жеңіп алған болатын.