Жаңалықтар

Қалмақтардың экс-президенті бөгде планеталықтардың бар екенін айтты

Бөгде планеталықтар адамдарды аяйды және өздерінің қатысуымен біздің әлемді жойғысы келмейді, деп атап өтті Кирсан Илюмжинов NSN эфирінде,Newsroom.kz хабарлайды.

Егер АҚШ басқа өркениеттермен байланыста болғанын мойындаса, онда бүкіл әлемдік жүйе құлдырайды, деді Қалмақияның бұрынғы басшысы және Халықаралық шахмат федерациясының бұрынғы президенті Кирсан Илюмжинов NSN-ге берген сұхбатында. Оның айтуынша, барлық діни ілімдер өмір сүруін тоқтатады және бұған адамзат төтеп бере алмайды екен.

«ОББ-ның бұрынғы агенті Дэвид Груш американдық әскерилер құлаған ғарыш аппараттарынан адам емес биоматериалды тапқанын хабарлады. Ол билік мұны жасырып, куәгерлерге қарсы репрессия дайындап жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, Груш АҚШ үкіметі жерден тыс тіршілік формаларымен байланыста бола ала ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты»,- деді экс-президент.

Кирсан Илюмжинов АҚШ-тың шетелдіктер туралы ақпаратты жасыруға көптеген себептері бар екенін атап өтті.

"Мысалы, сіз теледидарды қосып жатырсыз, ал келімсектер: біз осындамыз және сізді көптен бері бақылап келеміз... бізде адамдар  «Адам мен Хауа анадан» шыққан деп айтатын діни ілімдер бар. Егер келімсектер сөйлейтің болса, онда барлық діни ілімдер ... Ватикан және басқа да шіркеулер жоқ болып кетеді. Екіншіден: әлеміннің барлық мектептерінде адамдар Дарвиннің, адам маймылдан шыққан деген теориясын үйретті. Ғасырлар бойы біз бұл теорияны ұстандық, ал ол теория бір мезетте жоқ болып кетеді. Адамзат бұған төтеп бере алмайды. Басқа өркениеттердің өкілдері бізді әлі де аяйды, ал АҚШ әлемдік жүйенің біржола ыдырамауын ойлап жатыр…адамдар біздің жалғыз емес екенімізді білмеуі үшін", - деді Илюмжинов.

Ол АҚШ-та басқа өркениеттердің бар екендігі туралы көптеген дәлелдер бар екенін атап өтті. Илюмжиновтың айтуынша, АҚШ-тың бұрынғы Президенттері, атап айтқанда Барак Обама мен Джон Кеннеди келімсектер туралы құжаттарды жария еткісі келді, әйтседе олар мұны істемеген екен. КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачевте келімсектердің бар екенін білді, деді ол.

NSN сұхбаттасушысы да Кирсан Илюмжиновтың  бөгде планеталықтар жайындағы пікіріне және АҚШ мемлекетінде бұған дәлелдер бар екендігіне келісіп, сөзін қостады.