Ел қоржыны екі қоламен толықты
Қазақстандық Кирилл Тубаев пен Тимофей Емельянов Ханчжоудағы Азия-2023 ойындарынан қола жүлдені қанжығасына байлады.
Бұл туралы newsroom.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлердің жекелей сайысы финалында бақ сынаған Тимофей Емельянов 1000 метр қашықтықты 4 минут 18,81 секундта бағындырса, Кирилл Тубаев 1000 метр қашықтықты 3 минут 51,99 секундта жүзіп өтіп, үздік үштікке енді.
4 рет Азия ойындарында өнер көрсеткен Тимофей Емельянов бұған дейін тек жұптық сайыстарда бақ сынасып жүргенін айтты.
Менің негізгі бағытым - жұптық жарыс. Екінші рет жекелей сайысқа қатысуым. Жолым болып, жүлдеге іліктім,- деді спортшы.