Алматының элиталық мектебіндегі педофил кім?
Полицейлер Алматыдағы 7 жасар бүлдіршіннің зорланғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.
Әлеуметтік желіде баласының зорланғаны жөнінде безек қаққан ананың видеосы қызу талқыға түсті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Анасының айтуынша, Алматының элиталық мектептерінің бірінде оқитын бүлдіршіні үйге жыртылған шалбармен және теріс қаратып киілген іш киіммен келген. Жәбір көрген баласы анасына жөнді ештеңе алмаған көрінеді. 1 сынып оқушысы қазір тиісті мамандардан психологиялық көмек алуда.
Алматы полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Істің объектив мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы бақылауда", - деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.
Қылмыстық істі Бостандық ауданы әкімдігінің полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексiнiң 201-бабының талабына сәйкес өзге де мәлiметтер жария етуге жатпайды.